Ресми мәлімет осы болса… Жарты жылда ай сайын 52 адамнан құрбан болған ба?

2608
Adyrna.kz Telegram

Биыл алты ай ішінде Қазақстанда тіркелген табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың шығыны есептелді. Материалдық шығын мен жан шығыны - шаш етектен.  Шығын көрсеткіші былтырмен салыстырғанда 7,3%-ға көп, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Төтенше жағдайлар министрлігінің сайтында жарияланған жарты жыл ішіндегі жұмыстардың есебінде шығын көрсеткіші былтырмен салыстырғанда 7,3%-ға көп екені көрсетіледі:«Жыл басынан бері 6 200 табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай және оқиғалар тіркелді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,3%-ға көп. Оның салдарынан 858 адам зардап шегіп, 316 азамат қаза тапты. Келтірілген материалдық шығын 2 млрд 584 млн 85 мың теңге. Техногендік сипаттағы 5 647 төтенше жағдай тіркелген. Одан 480 адам зардап шегіп, 222 адам көз жұмды», - деп жазылған сайтта.

Мекеменің берсек ақпаратына сенсек, техногендік сипаттағы жағдайлардың 91%-ы өндірістік және тұрмыстық өртпен тікелей байланысты. Нақты айтсақ, жарты жылда 5 139 өрт болып, одан 346 адам зардап шеккен, Өкіншке қарай, 194 адам ажал құшқан. Сонымен қатар бұл оқиғалардан 2,2 млрд теңге материалдық шығын келді.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер