Семей орманынан тағы да өрт шықты

1917
Adyrna.kz Telegram
Фото: turkystan.kz
Фото: turkystan.kz

Абай облысындағы "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерватынан өрт шықты. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі.

Мәлімет бойынша, бүгін 15 шілде күні, Абай облысының Төтенше жағдайлар департаментіне Абай облысындағы "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерваты қызметкерлерінен сағат 11:40-та Беген орманшылығы аумағында құрғақ шөп пен ағаштардың жануы туралы ақпарат келіп түсті (57 және 58 орамдар).

Сағат 11:52-де өрт орнына ТЖМ бөлімшелерінің күштері мен құралдары, нақтырақ айтқанда облыстың ТЖД, ТЖМ 68303 әскери бөлімінің, Шығыс Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамдарынан 100 адам және 20-дан астам техникасы жіберілді, делінген хабарламада.

Өртті жедел сөндіруге жәрдемдесу мақсатында оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрлігінің авиациясы жіберілді.

Пікірлер