"Қулық жасау бойынша кей мұғалімдер оқушылардан да асып түсті". Орталық тест тапсырушылардың заң бұзғанын анықтады

3119
Adyrna.kz Telegram

Ұлттық тестілеу орталығының басшысы Руслан Емелбаев бейне бақылау камераларынан білімді бағалау  тестін тапсыру барысында қолданылған мұғалімдердің айласын көрсетті. Оның айтуынша, кейбір мұғалімдер ҰБТ тапсырушы түлектерден «асып кеткен» деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

10 шілдеде республика бойынша мұғалімдердің білімін бағалау басталды. Емелбаев кейбір мұғалімдердің біліміне емес, айла-амалына сүйеніп, тестілеуге келгенін атап өтті.

"Достар, мына бейнежазбаларды мұқият көріп шықсаңыздар. Бұл бір экшн фильмнің бөліктері емес. Барлығы шынайы өмірде болып отыр... 10 шілдеде елімізде Педагогтердің білімін бағалау басталды. Бірақ тестілеуге кейбір мұғалімдер біліміне емес, айласына сеніп келген сияқты. Мысалы, бір өңірде бір күн ішінде 34 педагогтің бұзушылықтары бірден анықталып, олар 5 жылға дейін тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды. ҰБТ-дан кейін бізді ешкім және ешнәрсе таңғалдырмайды деп ойлағанбыз. Бірақ, өкінішке орай, қулық жасау бойынша кейбір мұғалімдер оқушылардан да асып түсті" деп жазды ол.

Емелбаев бұл фактілер бойынша шара қолданылып, бейнежазбалар құзырлы органдарға берілетінін айтты.

"Құрметті педагогтер, мұғалім болу үлкен жауапкершілікті талап етеді. Өйткені бүкіл ұлттың болашағы сіздердің қолдарыңызда. Ал бұндай әрекеттер «мұғалім» деген атауға кір келтіреді.", - деп қосты Ұлттық орталық басшысы.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Ruslan Yemelbayev (@ruslan_yemelbayev)

 

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер