Бір нәрсе сұрайыншы. Осы сендер әлі де біреулерге әкесінің атын қосып сөйлейсіңдер ме? -вна, -вич, не -қызы, -ұлы деп? Осы бір колониал тарихымызды бетімізге басып тұратын этикетке кринж ұстаймын. Отарлаушы ел әкеліп оны мәдениет деп таңып, олай демегендерді мәдениетсіз санап, психологиялық зорлық/қысыммен енбеп пе еді? Қазір біраз меммекемеге барсаң, әлі сол қызы мен ұлы, вна, вичтер өріп жүреді. Олай демесең, бетіңе бажырайып, әулетін боқтағандай болатыны тағы бар. Жүргенің сол өзіңді адамзаттың қоры сезініп. Өзім бұдан бас тартқалы біраз боп қалды. Біреуге барып сенкілдеп тұрмай-ақ, жай есімін айтып сіз деп сөйлеген ыңғайлы.
Сосын екі мыңдардан бері туғандардың алды уже оқу бітіріп жұмысқа тұрып жатыр ғой. Тоқсан бірден бері демей-ақ қояйын, екі мыңдардан бері туған қызы мен вичтерді көру тіпті біртүрлі екен. Апай, ағай сияқты бір қазақы сөз айтып қалсаң, барар жерің тозақ. Әп-әдемі сөздер ғой былай. Но кезінде колонист мәдениетсіздік деп шешкен соң жексұрын боп қалған.
Ақыры көбәріп боп кетті ғой, бір өсек айта салайын. Универде жүргенде бір жастар ұйымын құрып, бір-бірімізге мырза, ханым деп сөйлеп, ұлттық этикет қалыптастырсақ деп жүргенбіз. Сол кезде қатар оқыған бір ханым кейін колледжге сабақ беруге барып, сол жерде оқиын балалар апай десе, апайды базардан көресің, қызы деп сөйле деген талап қойыпты. Тәуелсіз, бейбіт заманда бұл не трансформация деп таң қалғам.
П.с. Енді тым идеалмын, толық деколондалдым дей алмаймын. Дәл солай атамасаң, көз алдыңда шалқасынан түсіп, қақалып өле қалатындай талап қоятындар болады. Ондайда мәселені конфликтіге жеткізбей-ақ қояйыншы деп вна дей салатыным бар енді. Ақырындап, конфликтке бір-екі рет кіріп көріп одан да арылармыз. Жалпы, артта қап кеткен мен ғана ма деп сіздерден сұрап қояйын деп сол.