Қазір ғана ұялы телефоныма 87003221045 нөмірінен өзін Эльмира Сабыровна деп таныстырған бір қыз хабарласып, аты-жөнімді, инн нөмірімді, тіркелген жерімді жатқа айтып, "Сіз Президенттің қаңтар оқиғасынан зардап шегушілерге арналған қайтарымсыз әлеуметтік көмегін алуға мұқтажсыз ба?" деді.
"Әрине"-, дедім.
"Онда сізге 700 мың теңге (қосымшасын ұмытып қалдым) шығып тұр, оны сіз Қазпочта арқылы аласыз, сол жерге жеке куәлікпен барсаңыз өздері шешіп береді, қазір сізге код келеді, байланысты үзіп алмай ұстап тұрыңыз" деді. "Бұл неғылған батпан құйрық, алаяқтар болар" деп үзе салдым.
Артынша тағы хабарласып код келді ме деді, иә келді алты санды цифр дедім. "Біз банктермен жұмыс істемейміз, тек Қазпочта арқылы жұмыс істейміз. Бөгенбай мен Жандосов көшелерінде Қазпочта бар, қайсымыз таңдайсыз?" деді. "Жандосов жақын ғой" дедім. "Онда сізге почтаның мекенжайын бәрін жіберемін, хабарласыңыз" деді.
Осы нөмірге ме десем, "жоқ ол горячая линия ғой, өзім телефонымды айтамын" деді. Содан хабарсыз... Бұл не өзі, осындай бола ма? Айтыңдаршы!
Төреғали Тәшенов