“Алданып қалдым”: Интернет дүкендері арқылы алдайтын алаяқ пайда болды

4503
Adyrna.kz Telegram
Фото: novostipmr.com
Фото: novostipmr.com

Алматы облысының тұрғыны Сұлтанғазиева Назым Сәкенқызы алаяқтардың айласына түсіп қалды. Ол 14 мамыр күні интернет дүкені арқылы тауар аламын деп, ақшасын аударып алданып қалған. Жәбірләнуші «Адырна» ұлттық порталына оқиғаның мән-жайын баяндап берді.

“Olx интернет дүкені арқылы холодильник жарнамасын көріп 8707 914 5842 (Александр Викторович) нөмеріне вацап желісі арқылы хабарластым. Жазған хабарламамды оқып, ол маған вацап арқылы хабарласты. 75 мың теңгеге келісіп, ҚР-ның барлық жеріне жеткізіп беретінін айтты. Құжаттарымды жіберейін, көшіп жатқан едім, адресіңізді жіберіңіз деді де құжаттарын жіберді.  Ақша аударсаңыз машина қазір шығады деді де, водительдің құжаттары мен қапталған холодильниктің суретін жіберді. Сосын мен оған ол жіберген счет номеріне 170 доллар жібердім. Ол маған хабарласып жиһаздардың қымбат екенін айтып, әйелі сенбей жатыр маған жеке куәлік жіберіңіз деді, мен оған жеке куәлігімді жібердім. Затты әне шығады, міне шығады деген соң мен сенбейтінімді айтып едім, карточкаңызды жіберіңіз, ақшаңызды қайтарайын деді. Мен карточкамды жібердім”, - дейді Назым.

Айтуынша, оған әскерде жұмыс істейтінін алға тартып,суреті мен құжаттарын жіберіп сеніміне кірген. Алайда, “Адырна” тілшілерінің анықтауынша суреттегі әскери адам да жәбірленуші екен. Шабуыл жасаушылар оның деректерін, соның ішінде фотосуреттерін адамдарға сенім ұялату және оларға жоқ тауарларды сату үшін пайдаланатын көрінеді.

“Тағы қандай заттар керек еді, бәрін бір адамға сатқаным дұрыс, түсіріп беремін, ақшаңыз жетпесе рассрочкаға алыңыз деді де басқа жиһаздардың суретін жіберді. Мен тағы да телевизор, диван, стол керектігін айттым. Ол маған қанша ақшаңыз бар дедді, мен 50000 теңгем бар деп едім, рассрочкаға келісті. Мен оған тағы 116 доллар аудардым, доллар арқылы аудару себебім, ол маған халық банкпен, халықаралық аударыммен  аударуымды өтінді. Диванды 140 мың, столды 110 мың, телевизорды 90 мың деді. Барлығы 340 мың болады, маған жарты ақшасын жіберіңіз, бәрін басып жібере алмаймын деді. Мен тағы 290 доллар аудардым”, - деп баяндап берді Назым.

Сондай-ақ, Александр есімін жамылған алаяқ Назымға вацап желісі арқылы хабарласып, шотына 125 мың аударғанын, оны долларға айналдырып, қайта аударуын сұраған. Кейін тағы да 60 мың теңгеден 2 рет аударып, халықаралық аударым арқылы жіберуін өтініпті.

“Ол кісіге айтып едім ақша түспей зат жібермейтінін, водительді тоқтатқанын айтты. Сондықтан амал жоқ күйеуіме болған жайды түсіндіріп айтып, тағы да 145 доллардан екі рет аударып берсек заттың келетінін айтып күйеуімнің шотынан екі рет 145 доллар аударып бердік. Жүргізуші хабарласып, ертең таңертеңгі сағат 7:30-да болатыннын айтты. Ертесінде, яғни 15 мамыр күні сағ 7:50да водительге жаздым, ешқандай жауап бермеді. Александр Викторовичке 8:22- де жазып едім, сағ 10-дар шамасында хабарласты да 138 доллар түспегенін, яғни өзі жіберген 60 мың теңгені айтты. Мен ренжіп едім, телефонды қоя салды. Біраз уақыттан кейін хабарласып ақшаңыздың бәрін қайтарайын, 290долларды қашан түседі,сол кезде қайтаратынын айтып, доставканы OLX арқылы отмена жасау керек деп, сізге барған хабарламадағы кодты айтуымды өтінді. Мен оған кодты айтпадым. Таныстарға айтып ол кісі жайлы біліп беруін өтініп едім, ол кісінің мошенник екені белгілі болды. Сол кезде мошенниктерге алданып қалғанымды түсіндім”,- деп күйінді ол.

Кейін жіберген көліктің жүргізушісінің нөмеріне хабарласса, ол да жәбірленуші болып шықты.  Назым алаяқтың сұрауы бойынша, оған банк картасы мен құжаттарының суреттерін жіберген. Енді ол, менің де сурет пен құжаттарым арқылы өзгелерді алдай ма, деп қорқып отыр. Өйткені, алаяқ әлі де интернет дүкені арқылы тауарлардың суретін жарнамалауды тоқтатпаған.

Бұл туралы Назым полиция бөліміне арыз жазды. Қылмыстық іс қозғалғанымен, алаяқты ұстау мүмкін болмады. Полицейлер мұндай қылмысты ашу өте қиын екенін айтқан.

Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер