Бас прокурор: “Қаңтар оқиғасының басты ұйымдастырушысы - Мәсімов

9314
Adyrna.kz Telegram

Бүгін Мәжіліс кулуарында журналистер Бас прокурордан Қанды қаңтардың басты ұйымдастырушысы кім екенін сұрады, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы.

«Мемлекеттік төңкеріс жасауға дайындық болды, қастандық жасалды. Бүгін айтқанымдай, негізгі ұйымдастырушылар ретінде ҰҚК-нің бұрынғы басшылары Кәрім Мәсімов пен оның орынбасарларына қатысты қылмыстық іс қозғалды», - деп жауап берді Берік Асылов.

«Сонда Кәрім Мәсімов бас ұйымдастырушы ма? Дұрыс па? Иә немесе жоқ? »,- деп сұрады журналистер.

«Солай деуге болады», - деп жауап берді Бас прокурор.

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер