Жетісу облысында 42 жастағы әйелді өлтіріп, өртеп жіберген

2108
Adyrna.kz Telegram

Жетісуда ер адам әйелді өлтіріп, өртеп жіберген. Бұл туралы облыстық полиция департаменті айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Полицейлер 4 шілде күні Жаркент қаласындағы орман белдеуінен 42 жастағы жергілікті тұрғынның сүйегін тауып алған.

Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

«Дене жартылай өртенген. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Заңда көзделген барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Күдіктінің әрекетіне құқықтық баға беріліп, іс бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады»,—деді басқарма.

Пікірлер