Қазақстандық сейсмологтар жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Жерасты дүмпулері сағат 17:42-де болған. Сейсмологиялық станциялардың мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 209 шақырым қашықтықта орналасқан.
Төтенше жағдайлар министрлігінің ақпаратына сәйкес, дүмпу Жетісу облысының аумағында сезілген. Текелі қаласында – 2 балл, Ескелді ауданындағы Қарабұлақ ауылында – 2 балл шамасында болған.
Қазіргі уақытта зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат түскен жоқ.
Мамандар жағдай бақылауда екенін мәлімдеді.
Ұқсас жаңалықтар