Жетісуда ер адам әйелді өлтіріп, өртеп жіберген. Бұл туралы облыстық полиция департаменті айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Полицейлер 4 шілде күні Жаркент қаласындағы орман белдеуінен 42 жастағы жергілікті тұрғынның сүйегін тауып алған.
Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
«Дене жартылай өртенген. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Заңда көзделген барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Күдіктінің әрекетіне құқықтық баға беріліп, іс бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады»,—деді басқарма.
Новости по теме
6 студентов из Акмолинской области вошли в список «TOП-100 студентов колледжей Республики Казахстан»
Области Жетісу – 4 года: В 5,5 раза увеличилась пропускная способность на транспортном узле «Нур Жолы»
