Араб дереккөздеріндегі байырғы скандинавиялықтар

1919
Adyrna.kz Telegram

Профессор Әділ Ахметовтың «Викингдердің ізімен». (Ғылыми гипотезалық туынды) кітабының «Викинг кемелерінің Гобустан петроглифтер кешеніндегі іздері» деп аталатын бөлігі бұдан алдын оқырман назарына ұсынылған. Осы кітаптан үзінді жариялауды одан әрі жалғастырамыз. Бірге оқиық.

Араб дерек көздерінде байырғы скандинавиялық викингтердің
б.з. тоғызыншы ғасырының соңы мен оныншы ғасырының бірінші
жартысында Каспий маңына жасаған жорықтары туралы қомақты
ақпарат жинақталған. Мәселен, «Thor Heyerdal’s Search» атты 2014
жылы Ослода жарық көрген ғылыми жинақта [1] әлгі жорықтар мен
олардың мезгілі туралы араб дереккөздерінде жоғарыда аталған
сканднавиялық викингтердің саудагерлер мен әскери жасақтар
болғаны жөнінде анық мәлімет келтіріледі. Мәселен,
географиялық әдебиетке енген Ibn Khordadbeh, Ibn al-Faqih, Al-
Masudi шығармалары мен Al-Tabari есімді жазушының тарихи
жазбаларына қарағанда, викингтердің Каспийдегі жорықтары
сегізінші және тоғызыншы ғасырдың алғашқы жартысында орын
алған деп топшылауға мүмкіндік береді. Тур Хейердал туралы

жоғарыда аталған жинаққа енген Фарда Асадовтың баяндамасында
скандинавялықтардың Каспиге енген кезі 882 жылы Рюриктер
династиясы орнаған мезгілден ондаған жыл бұрын орын алғаны
сөз болады. Араб авторлары да әлгі династияны құрушыларды Рус
деп атаған. Сондай-ақ, араб жазушылары сияқты византиялық
жазушылар да скандинавиялық саудагерлерді ғана емес, олармен
бірге келіп қоныстанғандарды да Рус деп атаған сыңайлы. Алайда
Ресей тарихнамасында шығыс славян мемлекеттерінің түпкі тегі
Рюриктерден бұрынғы славян тайпаларынан тарайды деген
көзқарас қалыптасқан. Сәйкесінше, скандинавиялықтардың Шығыс
Еуропаға таралуы мен олардың оңтүстік және шығыс бағытта
қалыптастырған сауда жолдарын Ресейдің академиялық ғылымы
үзілді-кесілді жоққа шығарады. Солайы солай болғанмен, әртүрлі
араб дереккөздерінде орыс ғалымдарының әлгі көзқарасымен
келіспеушілік анық байқалады. Жоғарыда аталған Фард Асадов
сілтеме жасап отырған археологиялық зерттеулерге қарағанда,
Ресейің солтүстік батыс өңірлеріндегі скандинавиялық ескі
қоныстар сегізінші ғасырдың басына тән. Бірақ олардың барлығын
нормандарға тән деуге болмас, алайда Ладога көлінің оңтүстік
шығысындағы ‘Старая Ладога’ деп аталатын қоныстан табылған
археологиялық артифактілердің жасы шамамен 750 жылға
теңелетініне қарағанда, олар да скандинавиялықтарға тән болуы
ықтимал. Шығыстағы дәстүрлі сауда жолдарындағы көмбелерден
табылған исламдық тыйындар IX ғасырға тән. Алайда қайсыбір
көмбеден табылған тыйынның сегізінші ғасырдың соңында
жасалғаны және ол тыйынның Старая Ладога қонысынан басқа
жерден қазып алынғаны да белгілі болып отыр. Сонымен қатар
скандинавялықтардың Ресейдің оңтүстігіне тоғызыншы ғасырдан
бұрын да жорықтар жасағаны анықталып отыр. Сонымен қатар
Фард Асадов сілтеме жасаған және бір дерек көзі бойынша, 838
жылы Рус қағанаты Византия империясына елшілер жібереді. Ол
елшілердің есімдеріне қарағанда, олар скандинавиялықтар болған.
Араб әлемінің географ ғалымы әрі араб саудагерлерінің сауда-
саттық жолдары жөнінде өте жетік білетін маман Abu al-Qasim
Ubaidullah ibn Abdallah ibn Khordadbeh-тің 848 жылы жазған
еңбегіне сүйене отырып, Фард Асадов Рус саудагерлерінің кемемен
Каспийді кесіп өтіп, өздерімен бірге алып келен жүктерін
Каспийдің оңтүстік шығыс жағалауындағы Djurdjan (Gorgen)

қаласына жеткізген, ал кейде олар әлгі жүктерін түйелерге артып,
Бағдатқа алып кететін болған.

Құрлықтағы сауда жолдары мен Еділ өзеніің бойындағы және
Каспий теңізіне дейінгі, сондай-ақ, күллі Каспий жағалауындағы
сауда жолдары түгелімен сегізінші ғасыдың ортасынан бастап,
оныншы ғасырдың ортасына дейін, яғни 200 жыл бойы түркілік
Хазар қағанатының бақылауында болған.
Мұсылман авторларының жазбаларына қарағанда, Хазарларда
ешқашан ірі кемелер болмаған. Сондықтан да олар жинаған
астықарын көбінесе өзен арқылы Еділдің Каспийге құяр
сағасындағы астанасы, Итиль қаласына шағын қайықтармен
жеткізетін болған. Ал ауыр жүктерді Каспидің арғы бетіне олар тек
скандинавиялық кемелермен ғана таситын болған. Соған қарағанда,
хазарлықтар мен скандинавиялықтардың арасында Каспийдің
оңтүстігі мен оңтүстік батысындаға мұсылман әлемімен алыс-беріс,
саяси және сауда-саттық мәселелерін реттейітін белгілі бір келісім
шарттары болғанға ұқсайды.
Жоғарыда аталған Ibn Khordadbeh қалдырған жазбаларға
қарағанда, скандинавиялықтар Бағдатқа өз бетімен жеткен, алайда
олардың шығыс бағытта Қытайға немесе Индияға сапарлағаны
жөнінде еш мәлімет жоқ. Дей тұрғанмен, тоғызыншы ғасырдың
бірінші жартысында скандинавияықтар Gorgen қаласымен сауда-
саттық жүргізгені анық. Жібек жолы бойындағы сауда-саттық
жолдарында керуен сарайлары шығыс бағыта да, батыс бағытта да
үздіксіз жұмыс істеп тұрған. Араб дерек көздерінде
хазарлықтардың тарихында атала бермейтін және бір мәлімет бар.
Араб халифатының ерте дәуірінде Каспийдің оңтүстік шығыс
жағалауындағы Djurdjan (Gorgen) қаласы Сассанид Империясы
құлаған соң, нақтырақ айтқанда, шамамен 650 жылы араб
қолбасшысы Said ibn al-As-тың қол астына өткен. Алайда араб
дерек көздерінің енді бірінен байқалып отырғандай, жетінші
ғасырдың ортасынан бастап, 830 жылға дейін Gorgen түркілік
Сулид днастиясының иелігінде болған. Сулид династиясы араб
әскерлерімен үш дүркін шайқасып, ең соңғы шайқаста арабтарды
жеңген.
Фергусон Роберттің [Ferguson Robert. The Vikings. A History]
келтірген мәліметтерінеіне [2] қарағанда, арабтар
скандинавиялықтарды ar-Rus деп атаcа, испандық немесе батыс

еуропалық арабтар оларды al-madjus деп атаған. Өйткені
скандинавиялықтар да парсылық зорастриандықтар секілді отқа
табынған әрі қайтыс болған адамдарын кремациялаған.
Арабтар мен скандbнавиялық Rus-тардың қарым-қатынастары
туралы мәліметтердің дұрыстығының нақты дәлеледері сол сияқты
белгілі даниялық тюрколог ғалым Вилгельм Томсеннің 1876 жылы
Оксфорд университетінде оқыған лекцияларында да кездеседі [3].
Аталмыш ғалымның келтірген мәліметтеріне арағанда, Rus-тар өз
көшбасшыларын Kakan-Rus деп атаған. Соған қарағанда, олардың
мемлекеттігі Хазар хандығынан тамыр алатыны көрініп тұр.
Өйткені Kakhan деген лауазым атауы - хазарлық, яғни түркілік атау.
Вильгельм Томсен өз лекцияларында Rus деген этномимнің
этимологиясы скандинавиялық екендігі жөнінде тағы да бірнеше
дәлелдер мен дәйектер келтреді.
Сосын, дәл осындай мәліметтер Джон Хейвудтың «Люди
севера. Викингтердің тарихы 793-1241» атты туындысында да [4],
сол сияқты Эльза Роуздалдың Викингтер (Roesdahl Else. The
Vkings) атты шығармасында [5] да ұшырасады. Демек, Rus (Рус)
деген этнонимнің бүгінде қолданыста жүрген Ресей мен орысқа еш
қатысы жоқ екеніне жоғарыдағы дерек көздері әбден жеткілікті ғой
деген ойдамыз. Сосын, бұл айтылғандардың нақты дәледерін хакас
ғалымы Геннадий Тюньдешевтің «Великий хан Батый - основатель
Российской государственности» [6] атты монографиясынан да
табамыз. Айтса-айтқандай-ақ, Алтын Орда ұзақ уақыт бойы орыс
ақсүйектері мен князьдері үшін олардың мемлекеттік билігінің
заңдылығы мен беделінің негізі болғанын бұл күнде ешкім де
жоққа шығара алмайды. Оның үстіне, мұның нақты дәлелі бүгінгі
Ресейдің елтаңбасының Алтын Орда империясының елтаңбасы
екенінен де айқын көрініп тұр.

Cілтеме жасалған әдебиеттің тізімі:

1.Fard Asadov: What do Arab sources say about Scandinavians in the
Caspian before mid-9 th century CE? See Viveke Roggen. Thor
Heyerdal’s Search for Odin. Ancient Links between Azerbaijan and
Scandinavians, Novus Press, Oslo 2014. P. 270-279.
2. Ferguson Robert. The Vikings. A History, 2009, P. 245-262.
3. Thomsen Vilhelm. The Relations between Ancient Russia and the
Origin of the Russian State. (Three Lectures Delivered at the Taylor
Institution, Oxford, in May, 1876.).

4. Хейвуд Джон «Люди севера. Викингтердің тарихы 793-1241».
5. Roesdahl Else. The Vikings.Penguin books, 2016.
6.Тюньдешев Геннадий. «Великий хан Батый - основатель
Российской государственности».

 

Әділ Ахметов

(жалғасы бар)

 

 

Пікірлер