Сіздерді қайдам, өз басым (біздің) ұлттық нақыштағы киім үлгілеріне көңілім тола бермейді. Әсіресе бас киім түрлеріне…
Қонақтарға, оның ішінде шетелдік қонақтарға ұлттық киім кигізгенде қалған-құтқан ұятым оянып бірдеңе бүлдірген адамдай біртүрлі болып қаламын. Олар (“шапандалғандар мен қалпақтанғандар”) өздерін сыйлы мейман ретінде емес, сайқымазақ сияқты епетейсіз сезінетін шығар?
Неге ұлттық киімді замануи үлгімен әдемі, сәнді, тіпті күнделікті киюге ыңғайлы қылып шығармасқа? Сұраныс бар ғой…
Өзбек, ұйғыр, түрік ағайындардың ұлттық киімдері қандай келісті, қандай жарасымды (өздеріне)!!!
Қырғыздың қалпағының өзі (ұлттық) бренд қой.
Басқа халтурамыз аздай, ұлттық киімдеріміз де халтура болып кетті.