Тоқаев "ҚазМұнайГаз" басшысына тапсырма берді

1863
Adyrna.kz Telegram

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиевті қабылдады, - деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы компанияның 2023 жылдың бірінші жарты жылдығындағы операциялық және қаржылық қызметінің қорытындылары туралы есебін тыңдады. Мемлекет басшысына «ҚазМұнайГаз» өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда барлық негізгі көрсеткіштер бойынша өсімге қол жеткізгені туралы хабарланды.

Мағзұм Мырзағалиев ірі инвестициялық жобалардың іске асырылу барысы туралы, атап айтқанда, Атырау облысында қуаттылығы жылына 1 250 мың тонна полиэтилен зауытының және Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын гибридті электр станциясының құрылысы туралы баяндады.

Президентке мұнай өңдеу зауыттарының жұмысы, өндіріс қарқыны мен жанар-жағармай қорын қалыптастыру туралы ақпарат берілді. Атап айтқанда, «ҚазМұнайГаз» француздық Air Liquide компаниясымен бірлесіп, Павлодар мұнай-химия зауытында қысқы дизель отынын 160 мың тоннаға дейін өндіруге мүмкіндік беретін жобаны жүзеге асырмақ.

Қорытындылай келе, Қасым-Жомарт Тоқаев геологиялық барлау жұмыстарын дамыту және перспективалық барлау учаскелерін зерттеуге ірі инвесторларды тарту бойынша бірқатар тапсырмалар берді.

Пікірлер