Тоқаев пен Мирзиёев бір-бірімен одақтастықты дамыту бағдарламасын бекітеді

1370
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Бүгін Ақордада Қазақстан-Өзбекстан жоғары мемлекетаралық кеңесінің бірінші отырысы өткізілуде, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Отырысқа Прещидент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев қатысуда. Әуелі сөз алған Тоқаев шақыруды қабыл алып, Қазақстанға мемлекеттік сапармен келгені үшін президент Шавкат Мирзиёевке шынайы ризашылығын білдірді.

“Туысқан өзбек халқының басшысын қазақ жерінде қарсы алу біз үшін үлкен құрмет, мәртебе. Өзбекстан қазақ еліне бауырлас мемлекет, тату көрші, маңызды әрі сенімді серіктес. Халықтарымыздың мызғымас достығы ортақ тарихқа және құндылықтарға негізделген”, - деді отырысты ашқан Қазақстан Президенті.

Сондай-ақ, Тоқаев қазақ-өзбек қатынасы стратегиялық серіктестік және одастастық рухында тұрақты дамып келе жатқанын баса айтты.

”Біз Өзбекстанмен ынтымақтастықты нығайта түсуге айрықша көңіл бөлеміз. Былтыр одақтастық қатынастар туралы тарихи шартқа қол қойдық. Бүгін алдағы 10 жылға арналған стратегиялық әріптестікті және одастастықты дамыту бағдарламасын бекітеміз. Осы маңызды қадамдар екі елдің байланысын дамытуға айрықша серпін береді деп сенеміз”, - деді Тоқаев.

Айта кетейік, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев кеше Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевті елорда әуежайында қарсы алды.

Пікірлер