“Мұрат Жүребеков ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі болып тағайындалды”, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Премьер-Министрдің жаңа кеңесшісі 1978 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген. Мұрат Жүребеков Қазақстаннан бөлек, Шотландия мен АҚШ-тың жоғары оқу орындарында білім алып келген. Еңбек жолында «ҚазТрансГаз» ЖАҚ, «Интергаз Орталық Азия» ЖАҚ, Лондондағы «Аджип ККО», «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ және «PSA» ЖШС-да жауапты қызметтер атқарды. 2019 жылдың шілде айынан желтоқсанға дейін Қазақстан Республикасы энергетика вице-министрі, кейін энергетика бірінші вице-министрі болған. 2023 жылдың қаңтар-маусым айлары аралығында Ақтөбе қаласының әкімі болып қызмет атқарды.Ұқсас жаңалықтар
Депутатты сайлар кезде "Құтадғу білікті" оқыдың ба? Әділ заң туралы не дейді, заң салтанат құрған ел қандай болады деп сұрау керек!
