Төреғали Төреәлінің үстінен қылмыстық іс қозғалды

6563
Adyrna.kz Telegram

Әнші Төреғали Төреәлінің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Алматы қалалық полиция департаменті айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Басқарма өнер адамының тергеу изолятырында екенін атап өтті.

«Жақында полиция қызметкерлерімен есірткілік масаң күйінде көлік жүргізгені үшін ұсталған, МАӘС шешімімен 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынған А.есімді азамат, Алматы қаласы ПД-нің әкімшілік қамауға алынғандарға арналған ұстау изоляторында отырғанын хабарлайды. Медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес, оны әкімшілік қамауға алудан босатуға көрсеткіш жоқ»,- делінген хабарламада.

Бұдан бөлек әншіге Қылмыстық кодекстің 378-бабы ( билік өкілін қорлау) қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша да қылмыстық іс тіркелген.

Аталған қылмыстық іс бойынша өндірісті Алматы қаласы ПД анықтау басқармасы жүргізіп жатыр.

Пікірлер