Нақты емі жоқ. Астанада қауіпті вирус тарала бастады

3199
Adyrna.kz Telegram
Фото: 04med.kz
Фото: 04med.kz

Астанада қауіпті вирус тарала бастады. Дәрігерлердің айтуынша, әзірге бұған қарсы нақты ем де, вакцина да жоқ. Бұл туралы КТК арнасы жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Ақпаратқа сүйенсек, жұмбақ инфекцияны жұқтырғандарда құсу, диарея және жоғары температура сынды белгілер байқалады. Тіпті емшектегі балалар да мұны жұқтыруда.

Жұқпалы аурулар бөлімінің дәрігерлері күніне осындай белгілермен бес адам келетінін айтты. Вирус ағзаға ауа тамшылары арқылы,  шомылу кезінде, сондай-ақ таза емес су, жуылмаған көкөністер мен жемістер арқылы жұғады.

Осы уақытқа дейін нақты емдеу тәсілі әзірленбеген. Ауру асқынса, өлімге де әкелуі мүмкін.

Нақты ем, нақты вакцина әлі жоқ. Симптоматикалық ем тағайындалады. Менингит, менингоэнцефалитке асқынып кетуі мүмкін. Кейде өлім де болады, – деді Астана қалалық инфекциялық орталығының ауа-тамшылы инфекциялар бөлімшесінің меңгеруішісі Гүлжанат Ширшікбаева.

Бес айда энтеровирустық инфекцияның 569 жағдайы тіркелді. Дәл қазір елордада энтеровирус өршіп тұр.

Негізінен қазір үйде отырған балаларда бұл сыртқат жиі тіркелуде. Науқас балалардың 66%-ы – балабақшаға бармайтындар. Ауыз су, субұрқақтар, ашық су айдындарына үнемі санэпидмониторинг жүргізіледі,  – деді Астана қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Жанна Пірәлиева.

Дәрігерлердің айтуынша, қазір бөлімшеде инфекциямен бірнеше адам жатыр, тағы бір науқас қабылдау бөлмесіне жеткізілді. Клиникалық белгілері коронавирусқа ұқсас болғанымен, бұл мүлдем басқа ауру.

Есте сқтайық, дәрігерлер аурудан сақтану үшін қолды жиі жуып, тазартылған су ішуге кеңес берді. 

Пікірлер