Өгей қызын зорлаған. Бокстан Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы күдікке ілінді

7076
Adyrna.kz Telegram
Фото: НГ
Фото: НГ

Бокстан Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Сапабек Мұқышев өгей қызын зорлады деген күдікке ілінді. Бұл туралы Қостанай облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Жаттықтырушының өгей қызы 20 жаста. Ол арызды 2022 жылғы қарашада жазған. Алайда бұл қазір ғана белгілі болған.

Дерекке қатысты бірден 2 бап – «Зорлау» және «Бірнеше рет зорлау» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Тергеу аясында бірқатар сот-медициналық сараптама тағайындалып, жүргізілді, оның қорытындысы бойынша соңғы процессуалдық шешім қабылданады. Күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы таңдалмады, зардап шеккен тарап қорғауға алынды, - деп мәлімдеді Қостанай облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Пікірлер