Өзбекстан екінші. Қазақстандық боксшылар Азия чемпионатында жалпы есепте жеңіске жетті

1208
Adyrna.kz Telegram

Қазақстандық боксшылар БАӘ-де өтіп жатқан Азия чемпионатында жалпы есепте оза шапты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметіне сілтеп.

«БАӘ-де аяқталған бокстан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатының қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте жеңіске жетті», - делінген хабарламада.

Турнирде қазақстандық боксшылар 15 алтын, 11 күміс және 15 қола медаль жеңіп алып, бірінші орынды иеленді.

Өзбекстан 14 алтын, 11 күміс және сегіз қола жүлдемен екінші орынды иеленді.

Үздік үштікті 12 алтын, 13 күміс және 18 қоламен Үндістан түйіндеді.

Пікірлер