Оңтүстік Кореяда орман өрті салдарынан төтенше жағдай жарияланды

780
Adyrna.kz Telegram

Оңтүстік Кореяның үш өңірінде өршіген орман өрті салдарынан төтенше жағдай режимі енгізілді. Табиғи апаттан төрт адам қаза тауып, жүздеген тұрғын эвакуацияланды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Yonhap агенттігінің мәліметінше, 22 наурыз күні сағат 18:00-де төтенше жағдай Ульсан қаласы, Кёнсан-Пукто және Кёнсан-Намдо провинцияларында жарияланған.

"Өрттен төрт өрт сөндіруші көз жұмды. Тағы алты адам, соның ішінде бір жергілікті тұрғын зардап шекті. 500-ге жуық адам жақын маңдағы ауылдардан эвакуацияланды. 260 адам баспанасынан айырылып, уақытша орналастыру орталықтарына көшірілді", – деп хабарлайды агенттік.

Өрт 21 наурыз күні Санчхон уезінде басталған. Сенбі таңында оның 70%-ы сөндірілгенімен, қатты жел салдарынан бұл көрсеткіш қайта 35%-ға дейін төмендеді.

Табиғи апат орын алған аудандарда теміржол қатынасы уақытша тоқтатылып, жоғары жылдамдықтағы тас жолдар жабылды.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пенсионерка: "Мне 98, а суставы как в 16 лет! На ночь мажу…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Это спасет потенцию даже в 70 лет! Продается в каждой аптеке...
Пікірлер