Семейдегі әскери мектепте курсанттар соққыға жығылған (ВИДЕО)

3095
Adyrna.kz Telegram

Әлеуметтік желіде Семейдегі «Жас Ұлан» әскери мектебінің кіші курсанттарын ұрып жатқан бейнероликтер тарады. Абай облысының білім басқармасы оқиғаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«3 ақпанда әлеуметтік желілерді бақылау барысында 111-взвод ұланына 91-взвод ұланы соққы берген бейнежазба табылды. Бұдан бөлек, офицер 71-взвод ұланын белбеуімен ұрған бейнежазба табылды. Жоғарыда аталған фактілер 2022 жылдың қазанында болған»,—деп түсіндірді басқарма.

Қызметтік тергеу барысында ұрып-соғу фактілері расталған.

«Кінәлілерге қатысты тәртіптік жаза қолданылды. 111-взводтың тәрбиеленушісі 2023 жылдың 6 ақпанында оқудан шығарылды, офицер 2023 жылдың 8 ақпанында қызметінен босатылды. Ұландар арасындағы қарым-қатынас, жанжалды жағдайлар мен педагогтердің іс-әрекеттері Абай облысы білім басқармасының басшылығының тұрақты бақылауында»,—деп толықтырды ведомство.

 

<

Пікірлер