Семейде тұрғын үйден өрт шығып, екі адам зардап шекті

935
Adyrna.kz Telegram

Семейде жеке тұрғын үйден өрт шықты. Зардап шеккен тұрғындар ауруханаға жатқызылды, - деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өрт сөндірушілер жанып жатқан үйден газ баллонын шығарды.

«Өрт сөндірушілердің келісілген әрекетінің арқасында 30 шаршы метр аумақтағы өрт сөндірілді, екі тұрғын ауруханаға жатқызылды», - деп хабарлады ведомстводан.

Бұған дейін Астанада тілсіз жау қоқыс полигонын шарпыған болатын. Өрт сөндірушілер оны бірнеше сағат бойы сөндірді.

Пікірлер