Қазақ тілінде оқытатын балабақшалардың саны артпақ

2717
Adyrna.kz Telegram

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев балабақшаларды қазақшаландыру туралы пікір білдірді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Айтуынша, қазіргі таңда 11 мыңнан астам балабақша бар, олардың жартысы — мемлекеттік.

«Қазақ тіліндегі балабақшаларға қажеттілік те, сұраныс та бар. Сондықтан, бүкіл мемлекеттік балабақшаны мемлекеттік тілде жүргізу мәселесін толыққанды іске асыруға болады деп есептейміз»,—деді ол.

Басқарма басшысы бұл мәселемен мектепке дейінгі білім беру департаменті айналысып жатқанын атап өтті. Сондай-ақ балабақшаларды тек мемлекеттік тілде ұйымдастыруда мәселелер болмайтынын мәлімдеді.

«Тәрбиешілердің жеткілікті саны бар. Сұраныс та бар. Мамандардың біліктілігіне қатысты айтсақ, оларды оқытудан өткізу, дайындау, қосымша мамандар, логопедтер керек. Солардың бәрін дайындау мәселесі қазір қосымша қолға алынады»,—деді  министр.

Пікірлер