Қазақстандық букмекерлік кеңселер бір күнде 4 миллиард теңгеге жуық қаржы айналымын жасайды

2072
Adyrna.kz Telegram
Қазақстандағы букмекерлік кеңселер мен казинолардың бір күндік қаржылық айналымы 3,5 миллиард теңгеге жетті, деп жазады "Адырна". Бұл туралы Семейдегі ҚР Президенті жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңестің кезекті отырысында айтылды.
Журналист-депутат Нартай Аралбайұлы Facebook-тегі парақшасында кеңестің кезекті отырысында айтылған мәлімдемелермен бөлісті.
Деректерге сүйенсек, Қазақстандағы казинолар мен букмекерлік кеңселердің жылдық қаржылық айналымы  2020 жылы - 89 миллиард теңге, 2022 жылы - 500 миллиард теңге, 2023 жылы - 1 триллион теңгеден асқан.
Лудомания тақырыбында өткен отырыста елдегі ажырасу себептерінің бірі құмар ойындарына құнығу  бірден-бір себеп болғаны айтылған.
"1 қазақстандықтың букмекерлік кеңселер мен казинолар алдындағы қарызы орта есеппен 10 миллион теңге. Ажырасқан 10 жұптың 7-і лудоманияның салдарынан екі жаққа кетеді.
Қазір Қазақстанда 700 мың оқушы онлайн букмекерлік кеңселер мен ойын автоматтарында бәс тігеді. Жарнамасы сұмдық бұлардың, биыл онлайн құмар ойынды жарнамалаған 1783 интернет ресурс бұғатталған" деп жазды ол.
Пікірлер