Қарақатпен шәй. Қыдырәлімен сауна

2975
Adyrna.kz Telegram

Жалпы шәй с мятой, шәй с имбиром, шәй с молоком деген болады. Қарақатпен де болады, но адаммен емес.

Отандық телеарналардағы бағдарламалар бір-біріне ұқсас болып бара жатқан сияқты. Асығып,болатын уақытын күтіп көретін бағдарламалар саны азайғандай. Соның бір дәлелі осы Қарақатпен шәй бағдарламасы. Штамп. Әдеттегідей бір әнші не әртіс келеді, сол дежурный сұрақтарын қойып, арасында қатты күліп алады болды. Құдайым-ау осы типтес бағдарламар еліміздегі арналарда мың ғой. Оның несін жарнамалап сүйінші сұрайды? Жалпы Қарақат деген кім? Неге онымен шәй ішеміз?
Қарақат- эстрада әншісі бірақ шәй ішетіндей тұлға емес. Бар болғаны әнші. Бұл бағдарламаны атын ауыстырып, форматын өзгертіп, елге елеулі, халыққа қалаулы салмағы бар тұлға немесе кәсіби журналист жүргізсе түсінетін едім. Онсыз да тас атсаң әншінің өзіне, түкірсең жердегі плакатына тиетін заманда эфирге жылтыңдатып шығара берудің қажеті қанша?
Басқа-басқа Хабар арнасының осы бағдарлама арқылы рейтингі көтеріліп кетті деп айта алмаймын. Өздеріңіз білесіздер бәсеке үшін сапалы контент қажет. Мұны отандық массмедиа Хабар қаншалықты орындай алып отыр? Мынау сапалы контент емес, бұл жәй облыстық деңгейде арнада болатын бағдарлама. Бұлардың орнына кішкене аудитория тартатын халыққа өтімді әлеуметтік, денсаулық, білім саласына, қатысты жоба жасаса. Ақыры Қарақатпен шәй болған екен, оны елге белгілі адамдармен емес, шынымен де Қарақатты көргісі келетін алыс-аймаққа, ауылдарға апарып, сондағы жетім-жесір, аз қамтамасыз етілген отбасы балдарымен сұхбаттасып, кездесіп, шәй ішсе басқа әңгіме. Әлемдік деңгейдегі жұлдыздар, сондай жандармен кездесу үшін сонау Африкаға барып жатқан да. Қарақат апайымыз өз елімізді аралай алатын шығар деп ойлаймын.

Мен Қыдырәлінің орнында болсам былай деп лайфхак айтар едім. Қарақат, біз былай жасайық, үлкеееен қылып монша салайық, сосын оған адамдар шақыру үшін, жарнамасын «Қарақатпен шәй Қыдырәлімен сауна» деп жазайық. Моншаға шомылып шыққан адамдарға сен өз қолыңмен шәй құйып бересің, ал мен олармен парға бірге түсемін. Вот видишь біздерді көру үшін қанша адам келеді. Кішкене айналдырып алған соң бизнесті братишкаларға тапсырамыз, кейін арықарай өздері жүргізе береді, ал біз әнімізді айтып тыныш жүре берейік дейтін едім.
«Қазаншының еркі бар қайдан құлақ шығарса» дейін десең, барлық арна өз бағдарламасын халық үшін жасайтын болған соң бұл мақалды қолдану тиімсіз.

Бейбіт Қазыбеков

Пікірлер