Алматыда Жеңіс күні қалай тойланып жатыр?

5463
Adyrna.kz Telegram

Қала тұрғындары қаза тапқан қазақстандық жауынгерлерді еске алу үшін бір минут үнсіздіктен кейін Даңқ мемориалына гүл шоғын қойды.

Алматыда Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 78 жылдығы мерекеленді. Дәстүр бойынша негізгі мерекелік іс-шаралар 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақта өтті, онда Алматы әкімі Ерболат Досаевтың қатысуымен Мәңгілік алауға гүл шоғын қою рәсімі өтті.

Ұлы Отан соғысының ардагерлері, тыл еңбеккерлері, әскери қызметшілер, құқық қорғау органдарының өкілдері, қоғам қайраткерлері мен қала тұрғындары қаза тапқан қазақстандық жауынгерлерді еске алу үшін бір минут үнсіздіктен кейін Даңқ мемориалына гүл шоғын қойды.

Ардагерлердің құрметіне арналған мерекелік түскі ас кезінде әкім майдангерлерді мерекемен құттықтап, ұрыс алаңында және еңбек майданында көрсеткен ерліктері үшін алғысын білдіріп, зор денсаулық, бақыт пен амандық тіледі.

Өз кезегінде ардагерлер қала басшылығына назар аударғаны үшін алғыс айтып, Алматы тұрғындары мен барлық қазақстандыққа бейбітшілік пен жақсылық тіледі. Сонымен қатар, олар естелігімен бөлісті, өлең оқып, майдан әндерін айтты.

28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақта әскери техника көрмесі өтті, қала тұрғындары мен қонақтары үшін далалық ас үй ұйымдастырылды, мерекелік концерт қойылып, қазақстандық әртістер майдан әндері мен соғыстан кейінгі жылдардағы әнді орындады.

Бұған қоса, Алматыда Б.Момышұлы монументіне, Т.Бигелдинов, Р.Қошқарбаев мемориалдық тақтасына, Ә.Молдағұлова мен М.Мәметова, С.Нұрмағамбетов ескерткіштеріне, С.Луганскийдің бюстіне, «Отан ұлдарына мәңгілік естелік» және «Отан үшін шайқаста қаза тапқандарға мәңгілік даңқ» мемориалдарына гүл шоғын қою рәсімдері өтті.

 

 

Пікірлер