Талибан Иранның шекара бекетіне шабуыл жасады. Екі шекарашы мерт болды делінеді

2566
Adyrna.kz Telegram

Талибан содырлары Иран шекара бекетіне шабуыл жасау үшін адам күші мен броньды техниканы пайдаланды, деп жазады "Адырна" порталы. Бұл туралы ауған журналисі Тажуден Соруш Twitter-де жазды. Ол Талибан жариялаған кадрларды таратқан. Екі ирандық шекарашының қаза тапқаны туралы алдын ала мәлімет бар.

Жарияланған видеода Талибан жетекшілерінің шекаралық аймақтағы ирандық базаға жақындағанын көруге болады.

«Ақсақалдар жиһадқа рұқсат берсе, біз жақын арада Иранды жаулап аламыз», - деді басшылардың бірі.

Ал Ауғанстанның ұлттық қорғаныс министрлігі ашық оқ атқаны үшін Иран күштерін айыптады.

"Өкінішке қарай, бүгін тағы да ирандық әскерлер Ауғанстанның Нимроз провинциясының Канг аймағының шекаралық аудандарында оқ жаудырып, ұрыс бастады. Ислам әмірлігі теріс шаралар мен соғыс себептерін іздеу емес, диалогты кез келген мәселені шешудің ақылға қонымды жолы деп санайды», - делінген Ислам Әмірлігінің хабарламасында.

Өз кезегінде Иран тарапы қақтығысқа Ауғанстан тарапын кінәлайды.

Иран әскерилерінің мәліметінше, Талибан күштері шабуылды «халықаралық құқық пен тату көршілік қағидаттарын» бұза отырып бастады және Ислам республикасының «шекара қызметінің табанды және батыл қарсылығына» тап болды.

«Біз Ауғанстанның қазіргі билеушілерін мойындамаймыз және Ауғанстанда инклюзивті үкімет құру қажеттігін талап етеміз», - деді Иран Сыртқы істер министрлігі.

1996-2001 жылдар аралығында Ауғанстандағы алғашқы тәліптер билігі кезінде Мазари-Шариф қаласындағы консулдықта 10 ирандық дипломатты тәліптер өлтірді. Бұл Иранның әскери жұмылдырылуына әкеліп соқты, ол БҰҰ-ның араласуымен шешілді.

2001 жылы АҚШ-тың Ауғанстанға басып кіруі кезінде Иран АҚШ әскерімен ынтымақтасады және Гератты басып алу кезінде Иранның арнайы күштері Солтүстік альянсқа қолдау көрсетті. 2021 жылдың жазында АҚШ елден кеткеннен кейін Талибан Ауғанстандағы билігін қалпына келтірді.

"Адырна" ұлттық порталы

 

Пікірлер