Келестің көпірі құлады (ВИДЕО)

531
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/PFX6zZHmobSrIjwMKdWpaEZwKdBZQU3sRRiZcZvn.webp

Түркістан облысында Келес өзені арқылы өтетін көпір құлады. Оқыс оқиға 17 желтоқсанда болған, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі көпірдің Қошқарата ауылдық округінің аумағында орналасқанын және Келес өзені арқылы өтетін облыстық маңызы бар автожолдың бір бөлігі екенін мәлімдеді.

Алдын ала мәліметке сәйкес, көпірдің ұзақ жылдар пайдаланылуы және тірек бағаналарының түбінің шайылуы салдарынан қауіп туындаған.

«Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев оқиға орнына барып, көпірдің жағдайымен танысты. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында көпір арқылы көлік қозғалысы уақытша тоқтатылды»,-делінген хабарламада.

Айта кетейік, көлік қозғалысы үшін Алпамыс және Біртілек ауылдық округтері арқылы 10–15 шақырымды құрайтын айналма жолдар ұйымдастырылған. Оқиға орнына төтенше жағдайлар, полиция және жергілікті атқарушы орган өкілдері жұмылдырылған.

Пікірлер