Саясат Нұрбек Алматыдағы студенттік жатақхана құрылысымен танысты

2114
Adyrna.kz Telegram

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Алматы қаласына жұмыс сапары барысында 980 орындық Қазақстан-Британ техникалық университетінің студенттік жатақханасының құрылыс барысымен танысты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Жоспар бойынша іске қосу мерзімі – 2023 жылдың желтоқсаны. Салынып жатқан жатақханада студенттердің тұруына, оқуына және демалуына барлық қажетті және жайлы жағдайлар жасалады»,—деді басқарма басшысы.

Министр Алматы қаласында студенттік жатақханалардың тапшылық мәселесі әлі де бар екенін атап өтті.

«Бүгінде мұнда 29 745 студент тұратын 96 жатақхана бар. Қазір қажеттілік 32 мыңнан астам төсек-орынды құрайды. Өткен жылы халықтың әлеуметтік осал топтарындағы студенттерге орын беру мәселесін шешу үшін арнайы штабтың жұмысы ұйымдастырылды.

Жатақхана тапшылығын азайту мәселесі бойынша мемлекет бизнеспен белсенді жұмыс жүргізуде. 2022 жылы мемлекеттік тапсырыс бойынша қала кәсіпкерлері мен Қаржы орталығы арасында қолданыстағы 4 нысанды 659 орындық жатақханаға қайта форматтау бойынша келісімшарттар жасалды. Бүгінгі күні барлық нысан іске қосылды.

1492 төсек-орынға арналған тағы 5 нысан 2023 жылдың 1 қыркүйегіне дейін, ал 450 төсек-орынға арналған 2 нысан 2023 жылдың соңына дейін қайта жаңғыртылады деп жоспарлануда. Бұдан басқа, жыл соңына дейін жаңа 3 студенттік жатақхананың құрылысын аяқтау жоспарлануда (солардың бірі – жоғарыда аталған ҚБТУ жатақханасы)»,—деді ол.

Саясат Нұрбек бизнес өкілдерімен келіссөздерді жалғастыратынын жеткізді.

«Қазір қаржы орталығының бағдарламасы арқылы өз есебінен жатақхана салуға дайын 93 әлеуетті инвестордың тізімі жасалды. Жүзеге асырылатын бағдарлама және оған қатысу шарттары туралы толық ақпарат арнайы https://studdom.fincenter.kz/ сайтында ұсынылған»,—деді министр.

Пікірлер