Жас әншілерге жол берген Димаш The World's Best байқауынан шығып кетті

1801
Adyrna.kz Telegram

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген америкалық The World's Best байқауына шығып кетті. Жартылай финалда Adagio әнін шырқаған ол мұндай шешімін "финалда өзінен жасы кіші екі әншіге – қазақстандық Данэлия Тулешова мен үндістандық Лидиана Надхасварамаға жол беру" деп түсіндірді.

Димашқа бұған дейінгі айналымдарда максимал жоғары балл беріп келген Ру Пол "Біз мұнда әлемнің үздігін көруге келдік. Қайда бара жатқаныңды білдің" деп, әншінің бұл шешіміне наразылық білдірді.

Әнші байқаудан кеткенімен The World's Best байқауының ресми парақшасында Димаштың көрермендерден ең көп дауыс жинағаны хабарланды.

Ал What About Us әнін шырқаған Данэлия 12 жасар үндістандық пианист Лидиана Надхасварамадан жеңілді. Мұнан соң гранд-финалға өткен Лидиана өзге екі қарсыласынан озып, байқаудың жеңімпазы атанды.

Байқау кезінде әділқазылар Данэлияны - "Вокал ғажайыбы", Димашты "Алты октава адамы" деп атаған.

Данэлия Тулешова - 2018 жылы Украина телеарналарының біріндегі "Голос Дети" шоуының жеңімпазы және Junior Eurovision конкурсының қатысушысы.

Димаш Құдайберген 2017 жылы Қытайдың Huhan TV арнасындағы I am a Singer ән байқауына қатысып, 2-орын алған. Осы конкурстан кейін әнші әлемге танылып, Лондон, Мәскеу қалаларында үлкен сахнада ән салған.

"Азаттық" радиосы

Пікірлер