5 жасар қызды зорлады делінеді. Түркістан облысында күдікті қолға түсті

4376
Adyrna.kz Telegram
Фото: holonews.kz
Фото: holonews.kz

Түркістан облысында ер адамның бес жасар қызды зорлағаны туралы айтылады. Арыс қаласында болған осы жайтқа байланысты полиция тергеу жүргізіп, күдіктіні қолға түсірді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

"21 мамырында Арыс АПБ-ға жергілікті тұрғыннан хабарлама келіп түсті. Жергілікті тұрғынның арызы негізінде полицейлер жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп, нәтижесінде күдіктіні сол сағатта ұстады. Ол Арыс қаласының тұрғыны болып шықты," - делінген поилция таратқан мәліметте.

Бұл факт ҚР ҚК-нің 121-бабы 4-бөлігі «Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері» бойынша тіркелді. Күдікті қамауға алынған. Оқиғаның толық мән-жайы анықталуда.

Бұған дейін БАҚ жарақат алған қыздың көмейі жарылып, жансақтау бөліміне жатқызылғанын хабарлаған болатын. Қазір, ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, қыздың денсаулығы тұрақты, қыз баламен психологтар жұмыс жүргізген, қазір ол үйінде.

Пікірлер