Әлеуметтік желіде қызға күш көрсеткендердің бейнесі тарады

142
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/W9B8q2FuADBUElQWv0YPwgLpyHMqOH8edGM8GPdP.jpg

Павлодар облысында әлеуметтік желіде бір ер адамның қызға физикалық күш қолданған сәті бейнеленген видео жарияланды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Tengrinews.kz-ке сілтеп. 

Видеода жәбірленушінің бет-аузы қан болып, ер адамның даусы естілетіні көрінеді. Ол қыздың біреуді алдағанын айтқан. Бұл дерекке полиция пікір білдірді.

Полиция мәліметінше, видеоны тексеру барысында оқиғаға қатысы бар тұлғалар анықталып, полиция бөлімшесіне жеткізілді. Алдын ала мәлімет бойынша, видеоны жәбірленуші өз таныстарымен келісіп, ұйымдастырған болуы мүмкін. Дегенмен "қойылым" кезінде нақты заңға қайшы әрекеттер орын алғаны белгілі болды.

Оқиғаға қатысқан екі ер адамға ұсақ бұзақылық бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, сот шешімі шыққанға дейін уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сонымен қатар, жәбірленушінің бұған дейін сотталғаны, оның ішінде алаяқтық бойынша жауапқа тартылғаны анықталды.

Дегенмен, видеоны түсіру себептері мен оның қойылым екендігіне қарамастан, денсаулыққа қасақана зиян келтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысында оқиғаның нақты себептері, келтірілген зиянның деңгейі және әр қатысушының рөлі анықталатын болады. Оқиғаға қатысушылардың, сондай-ақ видеоны таратқан тұлғалардың әрекеттеріне құқықтық баға беріледі.

Пікірлер