"Серпін" бағдарламасы жалғасады. Биылға бөлінген грант саны белгілі болды

4299
Adyrna.kz Telegram

Ұлттық біріңғай тестілеу уақыты мен биылғы оқу жылына бөлінген грант саны белгілі болды. Бұл туралы ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев мәлім етті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Биыл 18 мамырдан бастап негізгі ҰБТ басталды. Нақтырақ айтсақ, оқушылардың білімін айтқындайтын тестілеу 5 шілдеге дейін жалғасады. Талапкерлер үшін 88 мың грант бөлінгені белгілі болды.

«Жалпы, ҰБТ-ға 166 мың талапкер өтініш тапсырды. Биыл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың берген тапсырмасын орындауды жалғастырамыз. Бұл ретте гранттың 60 пайызы инженерлік-техникалық мамандықтарды қамтиды. Сондай-ақ, тығыз орналасқан, жаңа құрылған және батыс аймақтарындағы жастар үшін де арнайы грант бөлінген. 2023 жылы өңірлік ЖОО-ларға бөлінетін педагогикалық квота саны артып, 6280 грант бөлінді. Ал «Серпін» бағдарламасы бойынша 3653 грант бөлінді», - деді Қ. Ерғалиев Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Жоғарғы білім министрі орынбасарының айтуынша, «Серпін» бағдарламасының иігілігін көргендер биыл үш жыл емес, екі жыл көлемінде өз міндетін өтейді.  Сондай-ақ, грантты жұмыс арқылы өтеу оқыған аймақта ғана емес, бағдарлама аясында қамтылған басқа аймақтарға да баруға болады.

«Білім беру гранттарының жалпы саны 88 мыңды құрады. Оның ішінде бакалавриатта оқу үшін 73 мың грант, магистратураға – 13 мың, докторантураға 1890 грант бөлініп отыр. Биыл грантқа құжаттарды қабылдау және оның иегерлерінің тізімін жариялау күндеріне қатысты өзгеріс болмайды. Яғни, 13-20 шілде аралығында грантқа құжаттарды қабылдауды, ал грант иегерлерінің тізімін 10 тамызға дейін жариялауды жоспарлап отырмыз. Жоғары орындарына қабылдау 25 тамызға дейін жүзеге асырылады», - деді вице-министр.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер