Қазақстанда жаңа гидроэлектр станцияларын кім салады?

1080
Adyrna.kz Telegram
Фото: inbussines.kz
Фото: inbussines.kz

Қазақстанның энергетика министрлігі республикада гидроэлектр станцияларын салу құқығына аукцион өткізді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Энергетика министрлігінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, аукциондық сауда-саттыққа қатысуға 9 компания жіберілді. Сауда-саттық сессиясы барысында қатысушылар 10 баға ұсынысын берді. Аукционға қатысушылардан түскен өтінімдердің жалпы көлемі 220.9 МВт құрады.

2024 жылы су электр станцияларының жобаларын таңдау бойынша аукционның ең жоғары бағасы 41,23 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз) болды. Өтінімдердің баға диапазоны 41,23 теңгеден 37 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз) дейін төмендеді.

Аукциондарды ұйымдастыру және өткізу қағидаларының 55-тармағына сәйкес белгіленген қуат көлемі 200-ден 220,9 МВт-қа дейін ұлғайтылды.

Аукцион қорытындысы бойынша келесі 10 компания жеңімпаз деп танылды:

"Қора ГЭС-2" ЖШС, жобаның белгіленген қуаты 18.5 МВт, аукциондағы бағасы 37 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз);

"Standard Hydropower" ЖШС, жобаның белгіленген қуаты 18.2 МВт, аукциондағы бағасы 37.01 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз);

"ADM Energy" ЖШС, жобаның белгіленген қуаты 12 МВт, аукциондағы бағасы 37.05 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз);

"Ескелді ГЭС" ЖШС, жобаның белгіленген қуаты 23.2 МВт, аукциондағы бағасы 37.3 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз);

"Қалжыргидро" ЖШС, жобаның белгіленген қуаты 19 МВт, аукциондағы бағасы 37.35 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз);

"Жарық Энерго" Ұлттық энергетикалық компаниясы” ЖШС, жобаның белгіленген қуаты 10.5 МВт, аукциондағы бағасы 37.4 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз);

"Қора ГЭС-2" ЖШС, жобаның белгіленген қуаты 26 МВт, аукциондағы бағасы 37.49 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз);

"ГЭС БОРОХУДЗИР" ЖШС" ЖШС, жобаның белгіленген қуаты 10,5 МВт, аукциондағы бағасы 37.8 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз);

"Baskan Irrigation" ЖШС, жобаның белгіленген қуаты 30 МВт, аукциондағы бағасы 37.99 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз);

"KOKSU HYDRO" ЖШС мен "Qamqor Energy" ЖШС арасындағы консорциум, жобаның белгіленген қуаты 53 МВт, аукциондағы бағасы 41.21 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз).

Бақылаушылар ретінде ҚР Энергетика министрлігі, USAID және "KOREM" АҚ өкілдері қатысты.

Қазақстан Республикасы Бірыңғай электр энергетикалық жүйесінің барлық аумағында (Тентек өзенінен басқа) жалпы белгіленген қуаты 100 МВт су электр станцияларын салу жобаларын іріктеу бойынша келесі аукцион 2024 жылдың 12 қарашасында өтеді.

Пікірлер