Нұрлан Мәукенұлы: Өлінің қамын тірі жер, Тірілер бірін-бірі жер

3231
Adyrna.kz Telegram

Нұрлан Мәукенұлы (1960-2003) - 25 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданында туған. 1984 жылы Қазақ Ұлттық Университетінің журналистика факультетін, 1990 жылы КИМЭП-тің саясаттану бөлімін бітірген. Еңбек жолын құрылысшы болып бастаған. «Ана тілі» — »Жалын» бірлескен басылымы бас редакторының орынбасары болып істеді.

«Аудитория», «Қарлығаш» жыр топтамаларында өлеңдері жарияланған. 1995 жылы «Бойтұмар» жыр жинағы жарық көрді. « Сұңқарбұлақ» атты поэзиялық кітабы шықты (2008). Бірнеше мүшәйралардың, Алматыда өткен Түрік дүниесі поэзиясы фестивалінің жүлдегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты.

Тiрiнiң қамын тiрi жер,

Тiрiлер бiрiн бiрi жер.

Тiрлiкте қашқан қадiрiң

Өлгенде ғана бiлiнер.

Өлiнiң қамын тiрi жер,

Жоқтауын салып жүгiнер.

Жоғалтып алған асылы

Айрылғанда бiлiнер.

 

Тiрiнiң қамы – бас қамы.

Күнде бiр әлем – ашқаны.

Күйремейтiндей көңiлi,

Құламайтындай аспаны.

 

Өлiнiң қамы – өз қамы.

Топырақ болып тозғаны.

Азасын тұтқан ағайын

Мәңгiлiк мекен қазғаны.

 

Өлiнiң қамы – өз қамы,

Өгейсiп кеткен өз қаны.

Бiр уыс топырақ бұйыртып,

Маңдайға бақыт жазғаны…

 

Тiрiнiң қамы – бас қамы,

Таусылмайтындай дастаны.

Өлеңшiл өзен өткенi.

Айғайшыл асу асқаны.

 

Өлiнiң қамын тiрi жер,

Тiрiлер бiрiн бiрi жер.

Бiр күнi бiз де барамыз,

Сен аман болшы, сiрi Жер!

 

***

Перiштелер қонып жатыр,

Оқиыншы бiр аят.

Жерде думан болып жатыр,

Барын қалсын, кiм аяп…

 

Қанаттарын қағып-қағып,

Қонады кеп қолыма.

Жанның отын жағып алып,

Үмiт арттым жолыма.

Перiштелер қонып жатыр

Ұлпа қардан жаралған.

Жерде думан болып жатыр,

Той тiзгiнiн қар алған…

 

Аударылып, төңкерiлiп,

Қонғанынша мың аунап –

Ай нұрымен көмкерiлiп,

қар жауып тұр қылаулап…

Тiрiнiң қамын тiрi жер,

Тiрiлер бiрiн бiрi жер.

Тiрлiкте қашқан қадiрiң

Өлгенде ғана бiлiнер.

Өлiнiң қамын тiрi жер,

Жоқтауын салып жүгiнер.

Жоғалтып алған асылы

Айрылғанда бiлiнер.

 

Тiрiнiң қамы – бас қамы.

Күнде бiр әлем – ашқаны.

Күйремейтiндей көңiлi,

Құламайтындай аспаны.

 

Өлiнiң қамы – өз қамы.

Топырақ болып тозғаны.

Азасын тұтқан ағайын

Мәңгiлiк мекен қазғаны.

 

Өлiнiң қамы – өз қамы,

Өгейсiп кеткен өз қаны.

Бiр уыс топырақ бұйыртып,

Маңдайға бақыт жазғаны…

 

Тiрiнiң қамы – бас қамы,

Таусылмайтындай дастаны.

Өлеңшiл өзен өткенi.

Айғайшыл асу асқаны.

 

Өлiнiң қамын тiрi жер,

Тiрiлер бiрiн бiрi жер.

Бiр күнi бiз де барамыз,

Сен аман болшы, сiрi Жер!

 

***

Перiштелер қонып жатыр,

Оқиыншы бiр аят.

Жерде думан болып жатыр,

Барын қалсын, кiм аяп…

 

Қанаттарын қағып-қағып,

Қонады кеп қолыма.

Жанның отын жағып алып,

Үмiт арттым жолыма.

Перiштелер қонып жатыр

Ұлпа қардан жаралған.

Жерде думан болып жатыр,

Той тiзгiнiн қар алған…

 

Аударылып, төңкерiлiп,

Қонғанынша мың аунап –

Ай нұрымен көмкерiлiп,

қар жауып тұр қылаулап…

 

 

 

***

Қырдан ызыл жел,

Жүйрiк қолы ұзын жел

Жұқалап бiр сыр айтып,

Жоғымды айтып мұңайтып,

Желғабыздай сын салды,

Желқобыздай үн салды,

Шалғайына сүрiндi.

Емпең-емпең жүгiрдi,

Шат-шәлекей бүлiндi,

Екi етегiн түрiндi.

Баларқалы бел асқан,

 

Баябан мен көл асқан,

Жолсыз жерден жол ашқан –

Жан сарайын сол ашқан…

Ойлап-қырлап желген сол,

Ойда-жоқта келген сол,

Кешкi ымыртта әл берген сол,

Кезең асып өлген сол…

Қырдан ескен қызыл жел,

Жүйрiк қолы ұзын жел

Көкiрегiм тазалап,

Көңiлiмдi мазалап

Желғабыздай сын салды,

Желқобыздай үн салды…

 

***

Көңiлiм жүйрiк,

Көзiм жүйрiк,

Қолым жүйрiк,

Қашаннан адастырған

жолым жүйрiк.

Шашыма шаң

жұқтырып шаршатады,

Құтылмасқа құрып ап

Торын бұйрық.

 

Маңдайыңа жазғанын көрерсiң де…

Қуанасың, жылайсың, өлесiң де…

Ажалы жүйрiк

болды жарықтықтың,

Деп алып, сақтамайды-ау,

ел есiнде.

Жадында ұстайтұғын жақын ғана,

Басқаға беймағлұм атың, бала.

Жазмыштың жазғанынан

Озамын деп,

Өзiндi өзiң өлердей тақымдама.

 

Жүйрiктер жетпей құлар мәресiне,

Тап болып пәни жалған пәлесiне.

Дүние дөңгеленген ақтық демде

Оралар-ау, опынтып бәрi есiңе.

 

Дүние жеткiзбестен жөнеледi,

Қызығына тiрiлер кенеледi.

Жел де жүйрiк, айналған

Жер де жүйрiк,

Жығылады десем, кiм сенер едi?.

 

Жолда келем,

Жолымды оңғара ма?

Колтығымнан сүйе де, қолда, дала.

Өгейсiнбе, көңiлiм, қуанышты

Сан пенденi сандалтқан

Сорға бола…

 

Дүние жүйрiк пе екен,

жүрдек пе екен,

Қашарын қарсы алдымнан

Бiлмеп пе екем?

Қызыл тiл, сен де жүйрiк

Сияқты ең-ау,

Қай күнi, қай тылсымға

Құрметтi екем?!

 

***

Алматы болды әуенiм.

Ауылда туған жан едiм,

Сауыр мен Сайқан тау едiм,

Алатау болды мәуелiм.

 

Ауылда өскен бала едiм,

Бауымда өскен тал едiм.

Бұрқауда бойда бiр тылсым,

Таба алмай келем әлi емiн…

 

қара Ертiс бойы қалың құм,

Шағылға барып шағындым.

Шағала қонған жағадан

Қалаға қарай сабылдым.

 

Астана келдiм – қаңғырдым,

Астында қалдым жаңбырдың.

Өтiнде қалдым ызғардың,

Тезiне түстiм тағдырдың.

 

Мендейлер және көп екен,

Мекенi жерде жоқ екен.

Қазақы көңiл қалғанда,

Шыққан жан… дейтiн топ екен…

 

Адамы нөпiр қалада

Өзiңдi тұлға санама.

Сен қалай тұрып келгенсiң,

Жазушы тектi жан аға?..

 

Жұмекен өткен жер едi,

Кеңшiлiк кеткен ел едi.

Жұматай жатқан төбе едi,

Кезегi кiмнiң келедi?..

Қаңғырып кеткен бiр ұл, – деп,

Жаңғырып жеткен бiр үн, – деп,

Даланың шаңы сейiлдi,

қаланың шамы күлiмдеп…

 

АЛАТАУ, БАР МА, АРМАНЫҢ?

Биылғы түскен қар қалың,

Алатау, бар ма, арманың?

Кiршiксiз аппақ – салғаның,

қылаусыз түбiт – шалғаның.

 

Алатау, сенде бар ма мұң?

Биылғы түскен қар қалың,

Жайғап боп әбден мал-жанын,

Алтайда – алыс қойнауда

Жетпiске келiп қалғанын

Жетiм шал, мүмкiн, ойлауда…

 

…өткiзiп болып бiр түндi,

Жетiм шал тағы түртiндi.

Елестеп өтiп еңкiш қарт,

Кiрпiкке тұрды iркiндi.

 

– Алтайда алай-дүлей ме,

Үрейдi қосар үрейге?

Ит пенен бала қосылып,

Ойнауды бiр сәт тiлей ме?

Бораннан кейiн бел шешiп,

Төбесiн ауыл күрей ме?..

Алтайда, сiрә, ақ боран,

Алатау жаққа соқпаған.

Аяққа iлiп шаңғыны,

Жөнеуге бiр сәт оқталам…

 

– Биылғы түскен қар қалың,

Алатау, бар ма, арманың?

Сыңсып ән салар орманың:

Арманым – сенiң арманың,

Алтайдан алыс қалғаным…-

Алтайым, сенде бар ма мұң?

 

***

Жаны да нәзiк – мен едiм,

Қаны да бұзық – мен едiм.

Елжiрегенiмде — ерiдiм,

Қарайғанымда — қарайдым.

 

Желден де жұмсақ – мен едiм,

Жерден де қатты – мен едiм.

Жыласаң — жылар сел едiм,

Құласаң – қара жер едiм.

 

Жаны да нәзiк – мен едiм,

Қаны да бұзық – мен едiм.

Табыса қалсам — тату ем,

Тiресе қалсам — телi едiм.

 

 

Желден де жұмсақ – мен едiм,

Жерден де қатты – мен едiм.

Сүйсiне қалсам — сүйер ем,

Түйiле қалсам — түйер ем.

 

Жаны да нәзiк – мен едiм,

Қаны да бұзық – мен едiм,

Желден де жұмсақ – мен едiм,

Жерден де қатты – мен едiм –

Түсiнбей жүрген ел едiң

Түк айта алмай келемiн…

 

***

Ай артынан ай өтер,

Күн артынан күн өтер:

Көре алмаған — жау етер,

Бере алмаған — жау етер.

Қадiрiндi ұқпас жұрт.

 

Көзiң жұмсаң — тәу етер.

Күннiң нұры төгiлер,

Айдың нұры себiлер:

Сенделiп қап серiлер

Сергелдеңге жегiлер.

Қара тұтып жүргенмен,

Жаныңдағы не бiлер?..

 

Ай бататын бұлт бар,

Күн жағатын жылт бар,

Тұлданатын күлiк бар.

Баса алмайды қашаған –

Басқа түссе құрық тал.

 

***

Атқақтап соғып жүрегiм,

Дүбiрлеп кеттi бұл кеудем.

Бұдан соң қалай күлемiн,

Үмiт үзем бе гүлдеуден?..

 

Жарым түнде жалғыз үн

Ет жүрегiм қан қылды.

құлағымда қалды ызың –

Шара басты даң қыдды.

 

Бетiн аштым бiр сырдың –

Жүзiнде еш қайғы жоқ,

Түнегiндей тылсымның –

Мына түннiң айыбы жоқ.

 

Жан жүрегiм қашты ма,

Кеудем неге бүлiндi? –

Аппақ айдың астына

Сөнер арман iлiндi…

 

Беу, жүрегiм, бәсенде –

Жетер жерiң – жайсыздау.

Мына әлемдi қоса емде,

Тiршiлiгi – ойсыздау…

 

Мен кеудемдi сөгейiн –

Өз қағымнан жериiн.

Көз жасымды төгейiн –

Жанды жатқа телиiн.

 

Жүрек сұрап көрейiн,

Жүрексiзге жалынып.

Көрейiн де өлейiн,

Қызыл қанға малынып.

 

Бұдан саған не түсер? –

Көкiрегiм қымтайын.

Бiрге бiр күн кетiсер

Мезет барын ұмытайын.

 

Жарым түнде жалқы айым,

Қобызшы боп келмегей.

Кеудемдегi айғайым,

Үнсiз қалып өлмегей.

Тас түйiн бой түйiлме,

Қалыпқа түс, бәсенде.

Елжiреген күйiнде

Ел жүрегiн қоса емде…

 

***

Дала – суық.

Аспан – тұман.

Көңiл – мұз.

Әйтеуiр бiр өтiп жатқан өмiрiмiз.

Қабақ шытсақ –

Қара тастан ауырмыз.

Қабақ ашсақ –

Қауырсыннан жеңiлмiз.

Далада – қар.

Көше – тайғақ.

Көңiл – мұң.

Әйтеуiр бiр өтiп жатқан өмiрмiн.

Сәтi келсе – өртейтұғын көмiрмiн,

Нәтi келсе – қаритұғын темiрмiн.

Далада – жел.

Көшеде – адам.

Көңiл – пәс.

Осылай-ақ ұзақ болсын өмiр жас.

Бүлк-бүлк соғып тұра

берсiн жүрегiң,

Жарқ-жырқ күлiп жүре

берсiн темiр бас.

 

ҚОҢЫР ТҮС

Қоңыр кеште қоңыр

 

Тау тамсанатын.

Қоңырқай боп өтiптi

Қаншама түн…

Қоңыр iңiр жаныма жақын менiң –

Қоңыр үнмен қырық мың

Ән салатын.

Қоңыр қаздар қайтатын

Қоңыр күзде.

Қу жаным, сен асықпа, өмiрдi iзде.

қоңыр қыз жолаушылап кеткен,

бiлем,

Қоңырайып қашып жүр

Көңiл түзге.

Қоңыр қыз, қайда

Қоңыр Жұмекенiң? –

 

Жыңғылдай жiгерiмдi қүм етемiн.

Қоңыр жырды жазып ап

жарым түнде

Қоңырқай қой көзiмнiң

мұңы етемiн.

Қоңыр белде шiңгiрлер

Қоңыр құлын.

Жаңғырыққан үнiндей өмiр бүгiн…

Қоңыр тылсым күмбiрден

Қуат алып

Қоңырайып жүрсем де көңiлдiмiн.

Қоңыр әлем қорқытса қабағымен,

Қоңыр қайғы қайтарар табамын ем.

Қоңыр түс-ау, қозы түс

Өткен мезгiл,

Қоңыр қозым қалдырған

Жабағы ма ең?

 

***

Он сегiзде жүрекке бойлайды арман.

Он сегiзде мен саған тоймай қалғам.

Он сегiзде Махаббат ауылына

Есiмде жоқ, бiр ойын ойнай барғам…

 

Он сегiзде кеудеме сыймады арман.

Он сегiзде сыртымнан кiм қадалған?

Он сегiзде оқыста көрген түстей

Көкiрегiм көгiлдiр мұңға толған…

Он сегiзде ақыл — аз,

сезiм — көлдей.

Он сегiзде жүрiп ем көзiм көрмей.

Он сегiзде опынып от басып ап

Бозаралда боздап ем бозiнгендей…

Он сегiзде дүние жайнай қалған,

Он сегiзде мен саѕан тоймай қалсам.

Он сегiзде «хош» деген

Қоңыр үндей,

Бүйiрiмде бүлкiлдеп

Қоймайды арман.

Пікірлер