Қостанай облысында егіз бала қаза тапты

2667
Adyrna.kz Telegram

Қостанай облысындағы тұрғын үйде егіз бала қаза тапты, - деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Мекеменің мәліметінше, қайғылы оқиға Қостанай облысы, Ершовка ауылында, 27 сәуірдің кешіне  болған.

5 шаршы метр аумақта ас үй бөлмесіндегі жиһаз жанған. Төрдегі өрт орнында 2020 жылы туған екі егіз баланың денесі табылған. Оқиға туралы жұмыстан оралған отбасының әкесі хабарлаған.

Құтқарушылар қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

"Өрттің болжамды себебі - электр желісіне қосылған электр жылытқышының қысқа тұйықталуы. Балалардың қаза табуының алдын ала себебі - көміртегі тотығымен улану", - делінген хабарламада.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер