Қостанай облысында егіз бала қаза тапты

2945
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/04/nbksuhl2hfihnc-_l76brnop2z3z8zj21ideh_fh_nkupxuadyxtjhou4mvo6bcvozkf9gqve5q_cpawk214lywk9g1n5hotei1yryen4rvki8vlowqqw.jpg
Қостанай облысындағы тұрғын үйде егіз бала қаза тапты, - деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап. Мекеменің мәліметінше, қайғылы оқиға Қостанай облысы, Ершовка ауылында, 27 сәуірдің кешіне  болған. 5 шаршы метр аумақта ас үй бөлмесіндегі жиһаз жанған. Төрдегі өрт орнында 2020 жылы туған екі егіз баланың денесі табылған. Оқиға туралы жұмыстан оралған отбасының әкесі хабарлаған. Құтқарушылар қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
"Өрттің болжамды себебі - электр желісіне қосылған электр жылытқышының қысқа тұйықталуы. Балалардың қаза табуының алдын ала себебі - көміртегі тотығымен улану", - делінген хабарламада.

"Адырна" ұлттық порталы

评论
其他材料