Оқырмандар Каспи банк қосымшасын қолдана отырып, 18 басылымға тез жазыла алады. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Бүгіннен бастап оқырмандардың баспасөзге жазылу процесі жеңілдейді. Жыл басында Каспи банкке әріптестік ұсыныспен шығып, банктің қосымшасы арқылы басылымға жазылуды жеделдету жайын қозғаған едік. Нәтижесінде енді баспасөзге Каспи банк қосымшасын қолдана отырып, 18 басылымға тез жазылуға болады. Олардың қатарында “Егемен Қазақстан”, “Казахстанская Правда”, “Ана тілі”, “Айқын”, “Литер”, “Мысль, “Түркістан” секілді газет-журналдар бар.
Мұндай қадамдар жазылушыларға оңтайлы жолдар ұсынып, олардың қатарын артырады деген сенімдеміз»,—деді ол.