Ресей Қазақстанға гибрид шабуыл жасап жатыр - Украина саясаткері

2857
Adyrna.kz Telegram

Қазақстан Ресей насихатынан зардап шегіп жатыр. Бұл пікірді украиналық саясаткер Алексей Гончаренко Еуропарламентте сөйлеген сөзінде айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Қазір Ресей Қазақстанға гибрид шабуыл жасап жатыр. Бұл туралы қазір айтуымыз керек. Ресей менің мемлекетіме қарсы дәл осылай гибридтік, ақпараттық шабуыл жасаған еді. Мен мұны Ресей билігінің бізге жасағанын Қазақстанда болдырмау үшін айтып отырмын»,—деді ол.

Жоғарғы Рада депутаты Ресейдің басқыншылық саясатынан басқа елдердің Украина секілді зардап шеккенін қаламайтынын атап өтті.

«Қазақстан — еуропалық мемлекет. Бұл елдің болашағы – оны қоршап тұрған империялардың құрбаны болу емес, керісінше Еуропа кеңесіне мүше болу, еркін әлемге қосылу, біздің қоғамға қосылу. Алға, Қазақстан»,—деді Гончаренко.

Пікірлер