АҚШ әскері Сирияда "Ислам мемлекеті" позицияларына қарсы әскери операция жүргізді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы The New York Times-ке сілтеп.
Бұл қадам Пальмирадағы америкалық әскери қызметкерлерге жасалған шабуылға жауап ретінде қабылданған.
АҚШ қорғаныс министрі Пит Хегсет X әлеуметтік желісіндегі хабарламасында операцияның аты "Ястребиный удар" екенін, оның мақсаты – содырлардың инфрақұрылымы мен қару-жарақ қоймаларын жою екенін айтты. Ол бұл әрекетті соғыс бастамасы емес, "кек алу" деп атап, АҚШ азаматтарын қорғауда ешқашан абдырамайтынын мәлімдеді.
The New York Times жазғандай, операцияға тікұшақтар және артиллерия қатысып, әуе соққылары 19 желтоқсанда басталып, 20 желтоқсанға дейін бірнеше сағатқа созылған.
АҚШ президенті Дональд Трамп "Ислам мемлекеті" позицияларына қатаң жауап берілетінін және Сирия үкіметінің бұл әрекеттерді қолдайтынын атап өтті.
Пальмирадағы шабуыл кезінде екі америкалық әскери және бір азаматтық аудармашы қаза тапқан, ал үш адам жарақат алған. Сонымен қатар, шабуыл кезінде бір сириялық әскери қызметкер де қаза болған. АҚШ қорғаныс министрлігінің мәліметінше, шабуыл жасаған адам серіктес күштер арқылы жойылған.
The Wall Street Journal дерегінше, шабуыл америкалық подполковник пен Сирия ІІМ өкілі кездесіп тұрған кезде орын алған; шабуылдаушы бөлмеге терезеден қараған және пулеметпен оқ жаудырған.