Депутат Қазақстанда балаларды көбіне өз туыс-туғандары зорлайтынын мәлімдеді

2229
Adyrna.kz Telegram
Мәжіліс депутаты Нартай Сәрсенғалиев зорланған балалар мен жасөспірімдердің 77%-ы әкесі, өгей әкесі, көршілері немесе туыстарынан зорлық-зомбылық көргенін айтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Мәжілісте зорлық-зомбылық мәселелерін талқылаған отырыс өтті. Отырыста азаматтардың құқықтық сауатын қалыптастыру және  зорлық-зомбылыққа төзбекшілік мәдениетін қалыптастыру мәселесі қарастырылып, депутат Нартай Сәрсенғалиев статистика мәліметтерін сөз қылды.

Деректердің көрсетуінше, 2019 жылы Қазақстанда құқық қорғаушылар 2800 зорлаушыны, балаларды зорлаған 1350 педофилді тіркеген. 2021 жылы колонияларда 1861 педофил жазасын өтеп жатқан. Сол жылы бас бостандығынан айыру орындарындағы 50 педофил босатылды деген ақпарат тарады.

"Мәселе балаларды кім зорлайды деген сұраққа келіп тіреледі. Кім педофил болады деген сұрақтың жауабына қарасақ, зорланған балалардың 77%-ын сол үйдегі әкесі, өгей әкесі, көршілері немесе туыстары зорлаған деген мәлімет аламыз", - деді Нартай Сәрсенғалиев.

Депутат зорлық-зомбылықпен күресу үшін бірқатар ұсыныстарды айтты.  Оның ішінде мектеп психологтарын, арнайы мамандарды көбейтуді, әлеуметтік мұғалімдер мәселесін реттеуді атады.

"Адырна" ұлттық порталы 
Пікірлер