Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Зәкиева Президентке бір жыл ішінде балалардың құқықтарын қорғау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында атқарылған жұмыстар жөнінде есеп берді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Ақордаға сілтеп.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау бағытында қабылданған заңнамалық өзгерістердің нәтижесінде тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу шаралары күшейтілгенін атап, зорлықтың кез келген түріне жаза қатаңдатылғанын айтты.
Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева заңнамаға қатысты қандай жұмыстардың атқарылып жатқанын хабарлады.
«111» бірыңғай байланыс жүйесі іске қосылды. Сондай-ақ мектептерде буллингпен күресу үшін КiVa бағдарламасы және 2024 жылдың қыркүйек айынан бастап қауіпсіздік сабақтары енгізіледі», — деді Зәкиева.
Бүгінде «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорымен, сондай-ақ «Қазақстан халқына» және «Қамқорлық» қорларымен серіктестік негізде6 аутизм орталығы, 11 өңірлік оңалту орталығы ашылған.
Бала құқықтары жөніндегі уәкілдің есебін тыңдаған соң Президент:
«Осыған байланысты Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайдың екінші отырысында берген тапсырмасына сәйкес Біртұтас тәрбие бағдарламасы әзірленгенін еске салды. Аталған бағдарлама өскелең ұрпақтың бойына адами және ұлттық құндылықтарды сіңіріп, олардың шығармашылық қабілетін шыңдауды, өз бетінше әрекет ету және креативті ойлау дағдыларын дамытуды көздейді. Динара Зәкиеваға осы бағдарламаны жүзеге асыру үшін педагогтер мен ата-аналардың арасындағы жұмысты үйлестіру міндеті жүктелді», — делінген хабарламада.