НАТО елдерінің Украинаға көрсеткен әскери көмегінің көлемі 55 миллиард долларды құрады. Бұл туралы АҚШ қорғаныс министрі Ллойд Остин айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Ұйым Ресей мен Украина арасындағы соғыс басталғаннан бері Киевке 55 миллиард доллар көлемінде әскери көмек көрсетті»,—деді ол Рамштайн қаласында өтіп жатқан Украина бойынша байланыс тобының кезекті отырысы алдында.
Сондай-ақ министр Солтүстік Атлантикалық альянстан Украинаға қару-жарақ пен басқа да әскери қолдау түрлерін жеткізу құны соғыс басталғаннан бері 10 есеге өскенін атап өтті.