Берікбол Валиханов: Қудалау жалғаса берсе, өз-өзімді соттың алдында өртеп жіберемін

3153
Adyrna.kz Telegram

Жамбыл облысының қоғам белсендісі Берікбол Валиханов өзін қудалау жалғасатын болса, апелляциялық шағым түсіретінін және әкімшілік соттың алдына өз-өзін өртеп жіберуге мәжбүр болатынын айтты. Бұл туралы ол Facebook парақшасына видео жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы - Оспанова Жанар Мықтыбекқызы қоғам белсіндісі - Берікбол Валихановтың үстінен арзданған. Сот шешіміне сәйкес, Берікбол Валиханов айыпты деп танылып, әкімшілік жазаға тартылған. Алайда бұл шешімге қоғам белсендісі Берікбол Валихановтың өзі қарсы.

“Апелляциялық шағым түсіремін, егер бұл қудалаулар басталса, мен әкімшілік соттың алдында тұрып, осы мәселені көтеремін. Өзіммен бірнеше литр бензин, телефон, оттық алам, бəрінен шаршағандықтан осы қадамға барамын. Олар мені сотқа берді, мен де осы қадамға барамын. Бұрын Талғат Қырықпаев қалалық соттың алдында өзін өртеп жібермек болғанда мен оны құтқарып қалдым. Мен ол кезде сенбеген едім.

Бұл жерде әділдік жоқ. Тараз облысында да, Жамбыл сотында да әділдік жоқ. Сот не қалайды, соны жасайды.

Бәрі Оспанова ханымнан қорқады. Кім ол? Ол Шымкенттің Шардара деген жерінен келген. Мен оның былықтарын ашып бере аламын. Немесе оның антикормен сөйлескен жазбасын жариялай аламын. Олардың басы кетеді, облыстың әкімінің де, антикордың басшысы да және денсаулық сақтау басшылығының да былығы ашылады. Маған Антикор: “ештеңе істей алмаймыз, Оспанованың “көкесі” бар” дейді.

Осы үшін өртеу қалды ма? Себебі, облыста өзінің қалағанын істеп отырған бір адаммен күресе алмай отырмыз.

Шындықты айтып, жанталасып жүгіріп, халықтың жағдайын ойлап жүрмін. Жамбыл облысының ауруханасы 623 млн теңгеге қарызға батқан. Жұмысшылары еңбек демалысын, зейнетақысын, ақшасын ала алмай жатыр. Оларға ешқандай көмек жоқ. Денсаулық сақтау министрі қайда? Ол бізде неге естімейді?”,- деді ол.

 

Пікірлер