Еліміздің Ұлттық қауіпсіздік комитетінде кадрлық ауыс-түйіс болды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысының өкімдерімен:
Руслан Темірғалиұлы Сейсембаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Терроризмге қарсы қызметінің бастығы лауазымына;
Асхат Қалмағамбетұлы Төлеуов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Экономикалық қауіпсіздік қызметінің бастығы қызметіне тағайындалды.
Сондай-ақ Нұрғали Білісбеков ҰҚК төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды. Ол бұл қызметке 2013 жылдың наурызында келген еді.