Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінде кадрлық ауыс-түйіс жасады

2672
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/04/ea89e483-75fc-4ef0-a8b8-28d65e15b01c.jpeg
Еліміздің Ұлттық қауіпсіздік комитетінде кадрлық ауыс-түйіс болды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысының өкімдерімен:
Руслан Темірғалиұлы Сейсембаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Терроризмге қарсы қызметінің бастығы лауазымына; Асхат Қалмағамбетұлы Төлеуов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Экономикалық қауіпсіздік қызметінің бастығы қызметіне тағайындалды. Сондай-ақ Нұрғали Білісбеков ҰҚК төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды. Ол бұл қызметке 2013 жылдың наурызында келген еді.
Comments
Other materials