Эколог Елеусізов «Жасыл-Алматы» басшысы болып тағайындалды

303
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/6SOqd563wju3I98ebd327Eq7XRRvsOGAr6dZTRH5.webp

Тимур Елеусізов «Жасыл-Алматы» басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы қала әкімдігі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Шаһар басшысы Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен құрылған мекеме қала аумағындағы саябақтарды, скверлерді және жағалауларды күтіп ұстау мен қызмет көрсетумен айналысады.

Жаңа құрылымның негізгі міндеті — жасыл аумақтарға жүйелі күтім жасау, тәртіп орнату, сондай-ақ оларды күтіп ұстау бойынша жауапкершілікті нақты бөле отырып, тәжірибелік нәтижеге бағытталған бірыңғай тәсілді қалыптастыру.

«Жасыл-Алматы» КММ-ні құру туралы шешім қаладағы жасыл қорды басқару саласында жинақталған мәселелерді, бірыңғай оператордың болмауын және жасыл желектерге күтім жасаудағы бытыраңқы тәсілді ескере отырып қабылданды»,- делінген хабарламада.

Айта кетейік, «Жасыл-Алматы» – «Зеленстройдың» заманауи баламасы.

39 жастағы Тимур Елеусізов Тұран университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2000-2019 жылдары аралығында «Қазақстан қауымдастықтары мен кәсіпорындары Одағы «Табиғат» ЖМ жобалардың үйлестіруші-менеджері, төрағаның орынбасары болып жұмыс істеді. 2019 жылдан бастап «Eco Fund Tabigat» ЖҚ негізін қалаушы, құрылтайшысы, төрағасы болды. 2021 жылдан бастап «Kaz Eco Patrol» ҚБ негізін қалаушы, құрылтайшысы, төрағасы, «АОК» төрағасы (Қазақстанның көгалдандыру қауымдастығы) болып қызмет атқарды. 2020 жылдан бастап эко-амбассадор. «Сосновый Бор Алматы» Қоғамдық экопаркінің негізін қалаушы. Парламент Мәжілісінің жанындағы «Өсімдіктер әлемі туралы» және «Өсімдік әлемі мәселелері бойынша ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңдарының жобалары бойынша қорытындылар дайындау жөніндегі жұмыс тобының мүшесі. Партияға мүше емес. 2023 жылдың наурыз айынан бастап VIII сайланым бойынша Алматы қаласы мәслихатының депутаты.

Пікірлер