Бас прокуратура әнші Динара Әлжанның айтқандарына қатысты қылмыстық іс қозғау мәселесін қарастырып жатыр

2287
Adyrna.kz Telegram

Бас прокуратура кәсіпкер Болат Назарбаевтың бұрынғы тоқалы әрі әнші Динара Әлжанның сұхбатта айтқан деректерін тексеру үшін екі бірдей органға сұрау жолданып,  қылмыстық іс қозғау мәселесі қарастырылып жатқанын хабарлады, деп жазды "Адырна" ұлттық порталы Massaget.kz-ке сілтеме көрсете отырып.

Бас прокуратура әнші Динара Әлжанның журналист Нұрсейіт Жылқышыбайдың "Уақыт көрсетеді" YouTube-арнасындағы сұхбатта айтқан бірнеше фактілерін тексеруді қолға алды. Сонымен қатар, қылмыстық іс қозғау мәселесінің қарастырылып жатқанын мәлімдеді.

Қазірде кеңінен ақтарылған, бүкпесіз сұхбат барысындағы деректерге тексеріс жүргізу үшін Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне өтінім жолданған.

Еске сала кетейік, белгілі заңгер Алмас Жұмағали Болат Назарбаевтың бұрынғы тоқалы әрі әнші Динара Әлжанның "Уақыт көрсетеді" YouTube-арнасында айтқан деректерін алға тартып, қандай қылмыстық іс қозғауға болатынын айтқан еді.

"Біріншіден, Кентал (әнші Талғат Кенжеболатов - еск.) мен "командасының" есірткіге қатысы. Екіншіден, Ғабидолланың (Шымкент қаласының экс-әкімі Ғабидолла Әбдірахымов) қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану ма, әлде кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласу ма, оны тексеріс анықтау керек. Болат Назарбаевтың қаржыларды оңды-солды шашуы, казинодан ұтылып қалған Қайрат Нұртас үшін 400 000 доллар бере салуы - қаржының шығу тегінің заңдылығы анықталу керек". Ол сандырақ емес, Жылқышыбай басында сұрап алды: "Ертең сөздеріңізден тайып, ана жерін, мына жерін алып тасташ", - деп сұрамайсың ба? - деп", - деген еді заңгер.

Бас прокуратура алдағы уақытта аталған қос органның бұл мәселеге қатысты тексеру нәтижесін жариялап, көпшілікті құлағдар ететіндігін айтты.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер