Дариға Бадықова Нұрсейіт Жылқышыбаймен соттасып, жеңіліп қалды

446
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/gnvAexoGgnyWvKQ4VLaDvMAfiyg2zJWsmPAn3oPd.webp

Белгілі продюсер, актриса Дариға Бадықова журналист Нұрсейіт Жылқышыбайға қарсы сот процесінде жеңіліп қалды. Бұл туралы журналистің өкілі, адвокат Инга Иманбай жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Актриса YouTube желісіндегі сұхбатты шындыққа сәйкес емес деп тануды, бейнероликті өшіруді, журналисті көпшілік алдында кешірім сұрауға міндеттеуді және 4 млн теңгеден астам өтемақы өндіруді талап еткен.

«Біз Дариға Бадықоваға қарсы сотта жеңіске жеттік. Мен бұл істі Нұрсейіт Жылқышыбайдың өкілі ретінде жүргізіп, оның мүддесін толық қорғадым. Сот Бадықованың бірде-бір талабын қанағаттандырмады», – деді адвокат.

Бадықова моральдық шығын ретінде 1 миллион теңге, адвокатқа жұмсалған 2,5 миллион теңге және сараптама жүргізуге кеткен 802 128 теңгені өтеуді сұраған. Жалпы талап сомасы 4 миллион теңгеден асқан.

«Бұл процесс мен үшін кезекті іс емес, принципті мәселе. Журналистің кәсіби еркіндігін қорғадым және авторды өз шығармасын өшіруге мәжбүрлеуге жол бермеу қағидасын ұстандым», – деп түсіндірді Инга Иманбай.

Еске сала кетейік, өткен жылдың қазанында Нұрсейіт Жылқышыбай актрисаның бұрынғы жұбайы Дархан Мұсаевтан сұхбат алған еді. Сұхбат барысында ол экс-әйелімен не үшін ажырасқаны туралы айтқан болатын.

Пікірлер