Қазақстанның жаңа сыртқы істер министрі алғашқы сапарын Ресейден бастайды

2020
Adyrna.kz Telegram

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Ресей Федерациясына жұмыс сапарымен барады.

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлім етті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

«2023 жылғы 11 сәуірде Ресей тарапының шақыруымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің Ресей Федерациясына ресми сапары жоспарланып отыр», – деді Айбек Смадияров министрлікте өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, сапар барысында бірнеше келіссөз жасалмақ.

«Сапар аясында Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавров және Ресей Президентінің Халықаралық істер жөніндегі көмекшісі Юрий Ушаковпен кездесуі мен келіссөздері жоспарлануда. Тараптар саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін, сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібі мәселелері бойынша өзара іс-қимылды талқылайды», -дейді ол.

Пікірлер